Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент жеті мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 979

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада өткен ресми рәсімге, Моңғолия, Грекия, Индонезия, Марокко, Канада, Израиль, Мажарстан елшілері келді. Мемлекет басшысы оларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтады. Әрі еліміздегі кәсіби міндеттерін орындау барысында, жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, 2022 жыл дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толатынын еске салып, биыл тарихи дата деп атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы жылдар ішінде біз барлық сала бойынша жан-жақты серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қойдық. Бұл бағыт тұрақты саяси диалогты, қарқынды экономикалық ықпалдастықты және белсенді гуманитарлық байланыстарды қамтиды. Ең бастысы, біздің қарым-қатынасымыз мызғымас достыққа, ортақ құндылықтарға және өзара қолдау көрсетуге негізделген.

Л. Қуанышқызы