Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, мерт болды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2022
  • 1299

Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, мерт болды. Олар СМП – 163 ықшам ауданында терможаңғырту бағдарламасы бойынша  көп қабатты үйдің шатырын жөндеп жатқан.

Тұрғындардың айтуынша, былтыр қарашада басталған құрылыс жиі тоқтап,  ұзаққа созылып кеткен. Төбеден  су кете берген соң, қайта-қайта шағым айтып,  жылдамдатуды сұрадық,- дейді. Жұмысшылар содан кейін келе бастаған.
      
Мұхамбет ТҰРДАЛЫ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

12-лер шамасында келген кезде осы жерде екі мүрде жатқан болатын. Сол кезде жаңбыр сіркіреп жауып тұрды. Менің ойымша, тайып құлаған сияқты сол жерден.    

Бұл дерек бойынша полиция   тергеу амалдарын жүргізуде. Айтуынша, құлаған жұмысшыларда қауіпсіздік белдігі болмаған.  Ал терможаңғыртуға  жауапты компания директоры  жұмысшылар барлық қажетті  құралдарымен қамтылған еді,- дейді. Дәл сол күні жұмысқа кірісер кезде тиісті мамандар тексерді ме, жоқ па, оны бірақ айта алмады.  Себебі, қосалқы мердігер мекеме басшылығымен хабарласа алмаған көрінеді. 

Қайрат ЖАЙЛАУОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Сол кезде бригадирлері болмады ма? Оны біздер енді басқа нысандарымыз болғасын, бір жерде тұра алмай, анда мында жүреміз ғой. Договор бойынша біз материалды апаруымыз  керек. Қалғанының бәрі мердігер компанияның құжатында негізі. Бірақ кеше көтерілгенде бәрі бар, пояс нелерін біздер қадағалап жүрдік қой.


Б. Надірқызы