Русский Сайттың толық нұсқасы

Ондаған әлем елдері Ресейге қарсы санкция салды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 2029

Әлемнің ондаған елі Ресейге қарсы санкция салды. Бұл жолы шектеулер Ресей элитасының балаларына да қатысты болмақ.«Персона нон грата» тізіміне Госдуманың 351 депутаты мен 43 компаниясы енген. АҚШ Президенті Джо Байден Ақ үйдегі жиында Мәскеудің Украинаға қатысты әрекетіне байланысты шектеулер қатаңдатыла беретінін айтты. Толығырақ бейнематериалда.

Луганск пен Донецк Халық Республикасын тәуелсіз деп таныған соң, Ресейге санкция салмағандар тек жалқаулар сияқты. Күтілген жағдай, әрине. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Канада, Жапония бастаған тізімде жаһанның ондаған елі бар. Канберрада Скотт Моррисон енді Аустралияға кіруіне және кез-келген жергілікті қаржы фирмаларына қатысты операцияларға тыйым салынған  8 ресейліктің атын атады. ЕуроОдақ та Ресей шектеулердің буын сөзсіз сезінетінін айтып отыр. «Персон нон грата» тізіміне 351 ГосДума депутаты және 27 заңды, жеке тұлға  енгізілген.

Урсула ФОН ДЕР ЛЯЙЕН, ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл пакетте бірқатар  қатаң шаралар бар. Кремль тарапынан халықаралық құқықты бұзуға арналған нақты әрекет. Санкциялар осы істерге қатысы бар жеке тұлғалар мен компанияларға тікелей бағытталған. Олар Украинадағы тұрақсыздықты туғызу үшін ресейлік әскери аппаратты қаржыландыратын банктерді  нысанаға алмақ.

АҚШ ВЭБ пен Промсвязьбанк деп аталатын  екі ірі банктің 43 еншілес компаниясына шектеу қойды. Оның ішінде «Проминвестбанк», «Алтын сақина» демалыс орны, ЦСКА футбол клубы және басқалары бар. Байденнің сөзінше, бұл тек бастамасы ғана. Дағдарыс күшейсе, тізім де күшеймек. Алайда, Вашингтонда жөнсіз салынған санкциялар америкалық бизнеске де ауыр соққы болатынын біледі. Бірақ, шектеуден бас тартпақ ниеті жоқ.

Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен 2014 жылы біз және біздің серіктестер жасаған қадамдардан әлдеқайда маңыздырақ болатын жауап санкцияларын енгізуден бастайын деп жатырмын. Егер Ресей шабуылды жалғастырса, санкция ары қарай салуға дайынбыз. Біз салған санкциялардың азабы өзімізге емес,Ресей экономикасына кері әсерін  тигізуі үшін нақты қадамдар жасаймын.

Келесі кезекте «Северный поток 2» құбыры тұр. Ол әлі пайдалануға берілмеген де. Германия канцлері бұл жұмысты жылжытпай отыр. Соған қарағанда  Еуропаға жеткізілетін  ресейлік газдың тапшылығына қарамастан,«ғасыр жобасы» бұлыңғыр қалыпта қала беретін сияқты.Бұл шешім Ресейді санкциямен жазалаудың маңыздырақ екенін көрсетеді.

Ресейге салық салудан тартынғандардың бірі- Венгрия. Әзірге Ресейге шектеу енгізу пакетін қолдамаған жалғыз мемлекет осы. Бұл қатардан Қытай да табылды. Алайда, келіссөздер туралы    ешкім жақ ашпады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сергей Лавровпен кездесуді мәнсіз деп, бас тартқан. Ал Кремльде батыстың жаппай салған санкциясына әзірге жауап жоқ.

Л. Қуанышқызы