Русский Сайттың толық нұсқасы

Nur Otan» партиясы Съездге қатысатын делегаттарын таңдап алуда

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2022
  • 1012

Бүгін бірқатар өңірлер «Nur Otan» партиясының XXII Съезіне қатысатын делегаттарын таңдап алды. Партия филиалдары Саяси кеңес отырысын өткізіп, бірқатар мәселелерді қозғады. Оны шешу жолдарын талқылады.

Мегаполис Шымкентте бастауыш партия ұйымдарының атынан съезге баратын делегаттарды сайлау ашық түрде өтті. 12 делегат сайланды. Партияның өңірдегі филиалы кезектен тыс Саяси кеңес отырысын өткізді. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
Партия мүшелерінің аймақтардағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысуын күшейтуіміз қажет. Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен жүйелі есеп беру кездесулерін өткізуін тәжірибеге енгізу.


Ал, Таразда өткен партияның Саяси кеңес отырысында облыс әкімі жастармен жұмысты күшейтуге шақырды. Қаңтар оқиғасы кезіндегі түйткілді мәселелер туралы сөз қозғалды, жұмыспен қамту жайына тоқталды.

Уәлихан БОЛАТБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Енді бұл съез жалпы қаңтар оқиғасынан кейінгі ең үлкен бір саяси бағдары бар съез болады. Жастардың негізгі мәселелерін оның ішіндегі НИТ санатындағы жастармен қандай жұмыстар атқарылатындығы туралы үлкен шешімдер айтылатын болады.

Павлодардағы «Трамвай басқармасы» бастауыш партия ұйымы да, алдағы кезектен тыс өтетін съезден көп үміт күтеді. Бұл басқармада жалпы саны 600-ден астам  қызметкер бар. Аталған мекемеде слесарь болып қызмет істеп жүргеніне 40 жылға жуықтаған Жамбыл Алданов, бірінші кезекті халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуге көңіл бөлінсе дейді.
 
Жамбыл АЛДАНОВ, ПАВЛОДАР қ. «ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 
Көп семьялы аналардың жағдайын көтеріп, мына жұмыскер адамдардың жағдайын көбейтіп еңбектерін, мына пенсионный возраст деп жатырмыз ғой. 63 жасты 60-қа әкелсе, халыққа көзге көрінетіндей реформа жасаса мен ойлаймын халық сенеді деп.

Елордалық мәслихат депутаты нөмірі 1-ші автобус паркініне келді. Жұмысшылармен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді тындады.

Ләззат РАЗБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі жиын жалпы 1 наурызда өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс сессиясына қатысты мәселелерді талқылайтын боламыз. Оның ішінде сол сессияға бірінші делегаттарды сайлау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан, берген тапсырмаларын орындауға бағытталған жалпы нақты іс-шараларды бекіту болады.

Еске сала кетейік, 1-наурызда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Мемлекет Басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алқалы жиынға өңірлерден делегаттар келеді. Олар "Жаңа Қазақстанды" құруға жүйелі қадамдарға жол ашылатынына сенімді.

Ә. Дүкембаева