Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ұрлық пен тонауға қатысты 1,5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2022
  • 1183

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ұрлықпен айналысқандарға қатысты 1500-ден астам қылмыстық іс қозғалды.  47   іс сотқа жолданды. Ұрлық жасап, ұртын майлағысы келгендердің басым бөлігі қолға түскен.    Қамауға алынғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған 3 бала және бір әйел адам бар.  Оларға қатысты бұлтартпау шарасы елден ұзап ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге ауыстырылған. Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес нысандарының басым бөлігі Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан.

Бауыржан ЕРТАЕВ, АЛМАТЫ қ АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:


Ұрлық, тонау фактілері бойынша құқық қорғау органдары 1,5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі таңда 163 тұлға күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда 47 қылмыстық іс сотқа жолданды.  

Т. Әлжанов