Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеунік қызметкерлеріне заңсыз сыйақы аударып, жартысын өз қалтасына басқан

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2022
  • 1081

Қостанайда білім басқармасы  басшысының бұрынғы орынбасары Меңдігүл  Әлжанова  қызметкерлерге екі лауазымдық айлық көлемінде  сыйақы аударған. Сот материалдарына сәйкес, жалпы сомма мөлшері 45 миллион теңге. Ол кейбір қызметкерлерден жалақының жартысын қайтаруды сұраған.  Ақшаны қателесіп аударғанын айтады. Сөйтіп Әлжанова 769 мың теңгені өз қалтасына басқан көрінеді.  Сот барысында ол кінәсін мойындамай қойған. Тек соңғы отырыста істеген ісіне өкініп,  процессуальдық шешім жасауға өтініш білдірген.  

Сатыбалды ОРАЗБАЙ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Меңдігүл Зәмзатқызы Әлжанованы қылмыстық кодекстің 190-шы бабының 3-бөлігі, екінші тармағы бойынша кінәлі деп танып, ұрланған мүліктің 10 еселенген мөлшері, яғни 7 191 340 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалсын. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

З. Санай