Русский Сайттың толық нұсқасы

"Электр энергиясының тарифтерін реттеуде бірізділік жоқ",- сенатор

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2022
  • 1037

Елдегі электр энергиясының тарифтерін реттеуде бірізділік жоқ. Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев мамандар бас қосқан дөңгелек үстелде, шатасып кеткен жүйені сынға алды. Айтуынша, тариф белгілеуде үлкен проблема бар. Бұл - нарықтағы бүкіл қатысушылардың мүддесін бірдей қорғайтын бірыңғай саясаттың болмауынан, дейді. Сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіру қызметін түрлі салалық органдардың реттеуі дұрыс емес екенін айтады. Бұдан бөлек, сенатор электр энергиясымен байланысты тарифтердің бәрін бір ғана мемлекеттік орган басшылыққа алу керектігіне тоқталды.

Сүйіндік АЛДАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Тариф белгілеу әдістемесін жетілдіре отырып, бірыңғай ұлттық тарифтік саясатты айқындау керек. Тариф белгілеу функцияларын бір ғана мемлекеттік орган жүзеге асырғаны орынды деп санаймыз. Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласындағы құзыреттерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Энергетика министрлігіне беру ұсынылады.

А. Данияр