Биыл Қазақстанда мұнай
өндірісінің көлемі күніне 40 мың баррельге дейін қысқарады. ОПЕК-тің сәуір
айына жасаған баяндамасында осындай ақпарат келтіріледі. Яғни Қазақстан күніне
1,56 миллион баррель қара алтын өндіреді делінген.
Еске салсақ, қаңтар айында энергетика
министрі қызметінде болған Владимир
Школьник 2016 жылы мұнай көлемінің өндірісі қысқармайды деп сендірген еді. Жыл
соңына дейін 77 млн тонна мұнай өндіру жоспарлап отырмыз деген болатын.
Айта
кетейік, мұнай өндіруші елдердің қара алтын өндірісін шектеу туралы жиыны
сәуірдің 17-сіне белгіленіп отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА