Русский Сайттың толық нұсқасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан мен Пәкістан қабылданды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2016
  • 2338

Иә, Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15-САММИТ-де Үндістан мен Пәкістан ұйымға мүшелікке қабылданды. Ең басты жаңалық осы. Н.Назарбаев -Үндістан мен Пәкістанның қосылуы ұйымды ғаламдық ете түседі, енді ұйым әлемдегі халықтың жартысын біріктіреді, әлемдік экономиканың 20 пайызын құрайды.Ұйым мүшелерінің көлік-логистикалық пункттер арқылы бірігуі, экономикалық шекаралардың ашылуы және Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы Қазақстанға болашақта үлкен басымдықтар береді, деп мәлімдеді, САММИТ-тен соң. Сондай-ақ, Президент жиын барысында Қытай Халық республикасының төрағасымен кездескен. Екі мемлекеттің басшылары 50 бірлескен кәсіпорын құрудың перспективаларын талқылаған. Президенттің есептуінше, бұл жоба біздің елдің индустрияландыру саясатында маңызды роль атқарады.