Иә, Ташкентте
өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15-САММИТ-де Үндістан мен Пәкістан ұйымға
мүшелікке қабылданды. Ең басты жаңалық осы. Н.Назарбаев -Үндістан мен
Пәкістанның қосылуы ұйымды ғаламдық ете түседі, енді ұйым әлемдегі халықтың
жартысын біріктіреді, әлемдік экономиканың 20 пайызын құрайды.Ұйым мүшелерінің
көлік-логистикалық пункттер арқылы бірігуі, экономикалық шекаралардың ашылуы
және Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы Қазақстанға болашақта үлкен басымдықтар береді,
деп мәлімдеді, САММИТ-тен соң. Сондай-ақ, Президент жиын барысында Қытай Халық
республикасының төрағасымен кездескен. Екі мемлекеттің басшылары 50 бірлескен
кәсіпорын құрудың перспективаларын талқылаған. Президенттің есептуінше, бұл
жоба біздің елдің индустрияландыру саясатында маңызды роль атқарады.