Русский Сайттың толық нұсқасы

"8 жылға созылған даудың нүктесі қойылар күн алыс емес", -сарапшы

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2022
  • 1677

"8 жылға созылған даудың нүктесі қойылар күн алыс емес".  Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы. Жұлдызай Ысқақова Ресей мен Украина арасындағы жағдай туралы осылай дейді. Ол " мәселені екі ел өзара дипломатиялық деңгейде шешкені  дұрыс" екенін айтады.

Жұлдызай ЫСҚАҚОВА, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

5 күнге созылған шиеленіс бүгін кездесу барысында шешімін табады деп ойлаймын. Бұл -5 айлық емес, 8 жылға созылған екі ел арасындағы қақтығыс.  Менің ойымша, бұл тактика өте дұрыс. Тараптар қақтығысты дипломатиялық деңгейде шешу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Саяси тұрғыда бейтарап болу, мемлекет үшін ең дұрысы -осы.

Ә. Дүкембаева