"8 жылға созылған даудың нүктесі қойылар күн алыс емес". Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы. Жұлдызай Ысқақова Ресей мен Украина арасындағы жағдай туралы осылай дейді. Ол " мәселені екі ел өзара дипломатиялық деңгейде шешкені дұрыс" екенін айтады.
Жұлдызай ЫСҚАҚОВА, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
5 күнге созылған шиеленіс бүгін кездесу барысында шешімін табады деп ойлаймын. Бұл -5 айлық емес, 8 жылға созылған екі ел арасындағы қақтығыс. Менің ойымша, бұл тактика өте дұрыс. Тараптар қақтығысты дипломатиялық деңгейде шешу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Саяси тұрғыда бейтарап болу, мемлекет үшін ең дұрысы -осы.
Ә. Дүкембаева