Алғыс айту күніне, Астана телеарнасы арнайы өткізген "Жомарт Жүрек" телемарафоны аяқталуға жақын қалды. Қайырымды жандардан жиналған қаражат көлемі қазіргі есеп бойынша 21 миллион теңгеге жетті. Қомақты қаржы көпбалалы ана Ұлжалғас Досыбаеваға табысталмақ. Ұлы мен жарының ем-домына ақша таппай қиналған ана, арнамызға жүгінген еді. Ал арна ұжымы отбасына тамшыдай болса да көмек көрсетуде мақсат етті. Тікелей эфирде өткен телемарафонның нәтижесі жаман емес. Шарасыз ананың да қуанышында шек болмады.
Ұлжалғас ДОСЫБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Барынша қолдау көрсетіп жатқан қазақ халқына және де осы Астана арнасына көптен көп рақмет. Алғысым шексіз. Баршасына Алла разы болсын!
Айта кетейік, көмек қолын созам деушілер болса, әлі де мүмкіндіктеріңіз бар. Телемарафонның қорытындысы сағат 21:00-де жариялайтын боламыз. Жақсылық жасауға асығайық!
Б. Сатуов