Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2022
  • 997

Ақтөбеде полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдарға тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір осындай төрт істі тергеуге алды. Бұл туралы облыс прокуроры Азамат Бақытжанов хабарлады. Оның айтуынша, ұсталғандардың туыстары мен олардың қорғаушылары үшін прокуратурада күнделікті жеке қабылдау ұйымдастырылған. Онда қажетті құқықтық көмек көрсетіледі, өтініштері мен шағымдары қарастырылады. Аймақта қаңтар оқиғасын тергеу жұмысы әлі аяқталған жоқ. Прокурорлар облыс әкімдігінің ғимаратын басып алған, мемлекет мүлкін бүлдірген, сонымен қатар әуежай жұмысын тоқтатып, ұшақтардың ұшуына кедергі болған бүлікшілердің ісі бүге-шігесіне дейін қаралып жатқанын жеткізді. Қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен 31 қызметкер жараланған. Қызметтік көліктер мен арнайы құралдар бүлінген болатын.

Азамат БАҚЫТЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БІРІНШІ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 14 қылмыстық іс тергеп-тексеруде, оның ішінде 2 іс террористік қылмыстар қатарына жатады. Аталған қылмыстар бойынша 12 адам қамауда, 8 адам үй қамағында. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция қызметкерлерінің тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану деректері  бойынша 4 қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Г. Сейтенова