Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейге спортшыларын салынатын санкциялар күшейді

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2022
  • 856

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, спорт әлемінде қандай жаңалықтар бар?

Кеш жарық! Дүниежүзілік және халықаралық спорт федерациялары Ресейде жоспарланған шараларды өткізбеу туралы ұйғарымға келді. Осы және өзге де ақпараттар сәлден соң.

Ауыр атлетикадағы дау әлі басылар емес. Допинг шуынан соң тағы өзгеріс енді. 2024 жылғы Олимпиадада ерлер мен әйелдер тек 5 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Қазақстандық спортшылар Токиодағы ойында тек 2 салмақ бойынша қатысқан енді. Әзірге Париждегі байрақты бәсекеде қанша атлетіміздің қатысатыны белгісіз. Ауыр атлетика федерациясының өкілі қазірдің өзінде Олимпиадаға дайындық қызу, дейді. Ұлттық құрамадағы спортшылар 70 пайызға жаңартылған. Олар қазір күзде Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Жарыста кемі 1 күміс пен 3 қола алып келу мақсаты тұр.

Алдияр НҰРАЛИНОВ, ҚР АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Әрине, біз алтын алуды жоспарлаймыз. Бірақ, спортшылар ырымшыл. Бірінші кезекте Азия ойындары Қытайда өтетінін түсінуіміз керек. Мұнда алтын медальға күресу қиын болады.

Волейболдан әлем чемпионаты Ресейде өтпейтін болды. Әлемдік федерация Украинадағы соғысқа байланысты осындай шешім қабылдады. Енді осы жарысты қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда. Бұдан бөлек, халықаралық бокс қауымдастығы да ресейлік тарапқа санкция салу мәселесін қарастыруда. Ал халықаралық теннис федерациясы болса, Ресей мен Беларусьті командалық жарыстан алып тастады. Олар биылғы әлемдік кубоктар мен чемпионаттарға қатыса алмайды. Сонымен қатар, Ресей футбол құрамасы FIFA және UEFA аясындағы барлық турнирден шеттетілді.

Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин мен жапон боксшысы Риота Мурата 9 сәуір күні кездеседі. Геннадий егер осы жекпе-жекте жеңісе ғана Сауль Альвареспен жұдырықтасады.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр