Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте елу полицей түрлі дене жарақатын алған

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2022
  • 1382

Қаңтар оқиғасы кезінде шымкенттік полицейлер арасында басы жарылып, мұрыны сынған жағдайлар аз болмаған. Бұзақы топтар лақтырған тас пен қолданған қатты заттардан кемі елу полицей түрлі дене жарақатын алған. Екеуіне оқ тиген. Соның бірі- патрульдік полиция полкінің инспекторы Ақжан Алтынбеков. Жол сақшысы қызметіне былтырғы қыркүйекте ғана тұрған жас жігіт, қаңтар оқиғасын қинала еске алды. Қаңтардың бесінен алтысына қараған түні ол әріптестерімен бірге қалалық әкімдікті қорғауға барған.

Ақжан АЛТЫНБЕК, ШЫМКЕНТ қ. ПД ЖПҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
 
Сағат тоғыздың шамасында тәртіпсіз топ бізге лап беріп әкімдікке, біз соларға басу айтып алдынан шыққан уақытымызда бізге тас жаудырып, түрлі дене жарақатын берді. Сол жерде біз әкімдікті қорғап командирдің бұйрығымен, генералдың өзі бізге рациямен шығып бізге түрлі бағыт-бағдар берді. Генералға алғысымды шексіз. -Оқ қай кезде тиді? –Сол онның шамасында сол топтың арасынан тиді.


Травматикалық тапаншадан атылған оқ Ақжанның оң аяғы мен бел тұсына тиген. Бірден сол жерде есін жоғалтқан сақшыны әріптестері сүйреп шетке алып шыққан. Жансақтау бөлімінде жарты тәуліктен соң ғана есімді жидым деп еске алды. 23 жастағы сақшы екі аптадан кейін ес жиған. Ұзақ емделуден кейін, енді ғана қызметіне қайта кірісіпті. Оның айтуынша, әріптестерінің арасында жарақат алғандары аз емес.

А. Төребекқызы