Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы тұрғын үйлердің маңына қанды шприцтер қайдан келді?

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2022
  • 1632

Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары үреймен өмір сүруде. Олар көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан да шаршапты. Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Олар есірткі секілді әсер беретін "трамадол", "тропикамед" препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды.

Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Шашылған қанды шрицтер соның дәлелі дейді тұрғындар. Тіпті жаңа ғана пайдаланғандары да анық көрінеді. Бүгінде мұндағы бұқарадан маза қашқан. Олар балалары үшін қорқады.  

Ержан ҚАДЫРБАЕВ, БЕРЕКЕ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алаңдаймыз, бәріміз де қорқамыз. Бала үшін бәрі. Наркотикке тойып алған қауіп қатер төндіруі мүмкін ғой. Қараңғыда келеді. Шара қолдану керек қой.

Шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Полицияғада барған. Олар жастар есірткі орнына қолданатын "трамадол", "тропикамед" психотропты препараттарды сататындарға айыппұлдан басқа амал жоқ,- деп кері қайтарған.

Арман ӘЖІҒАЛИЕВ, БЕРЕКЕ ЫҚШАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Сонда олардың айтқаны: «біз ештеңе істей алмаймыз. Оның фамилия, атын білеміз»,- дейді. +Осы екеуі списокқа кірмейді екен. Егер сіз маған морфин сатып жүрген адамды алып келіңіз дейді.  Ол списокта бар дейді каталогта. Мына екі препарат оның сатып жүргені кірмейді,- дейді. Сондықтан біздің қолымыз қысқа. Парламент заңды өзгертсін. Бізге списоктің ішіне қоссын. Сосын біз тапбамыз,- дейді.

Дәрігерлер жанұшырып жүрген бұқараның уайымы орынды,- деді. Ауруханаға трамадолды көп мөлшерде, әрі қолданып түсетіндердің бар екенін жасырмайды.

Светлана ДОБРЫНИНА, НАРКОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Бұларды көп мөлшерде, ұзақ уақыт пайдалану тәуелділікке әкеледі. Бірақ бұл препараттар  онкологиялық, хирургиялық, көз ауруларын емдеуге керек. Олар керек.  Тек оларды беруді қатайтқан жөн. Олар еркін саудада болмауын, тек дәрігер тағайындауымен сатылуы қатаң қадағалансын.


Берекеліктердің шағымынан соң  полицейлер сол маңда тұратын  наркологиялық диспансердің есебінде тұрған азаматтарды да тексерген. Сол ықшам ауданның өзінен 48 жастағы әйелден  600 дана осындай препарат тәркілепті.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Аталған «Береке» ықшам ауданынан  сол күні осындай дәрілерді заңсыз  айналымын жүргізген  сатумен айналысқан азаматша ұсталып,  оны тәркілеу барысында одан  неше түрлі психотроптық дәрілер тәркіленіп алынды.


Алайда заң әлсіз бе, қадағалау жоқ па? Тек жыл басынан бері, яғни 2 айда трамадол, тропикамед сатқан 8 әйел адам анықталған. Олардан жалпы саны 10 мыңнан астам дәрі тәркіленген. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлмен құтылған.

Б. Надірқызы