Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2022
  • 1010

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясына қатысып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жиында делегаттар «AMANAT» партиясы филиалының жаңа төрағалығына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сайлады. Партияның Атқарушы хатшысы филиал жаңа басшылығының алдына партияны модернизациялауды ескере отырып, жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
 
Еліміздің Президенті, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны модернизациялау жұмысының мақсатттары мен міндерттерін белгілеп берді және партияның атын «Аманат» деп өзгертуге қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта орталық аппарат филиалдармен және бастауыш партия ұйымдармен арадағы жұмыс әдістерін қайта қаралды. Орталық аппарат жүйелі мәселелерді талдап, жалпы партиялық бағытты айқындайды. Ал партия филиалдарын дербестік берілетін болады. Партия төрағасы айтқандай, өңірлік филиалдармен бастауыш филиалдарында халықпен өзбетінше жұмыс істеу керек.

Асхат Оралов мұнан соң зиялы қауым өкілдерімен және партия ардагерлерімен де кездесті. Ашық пікіралмасу барысында зиялы қауым өкілдері партия қызметін жетілдіру жөніндегі өз пікірлерін ортаға салды. Олар Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және "Жаңа Қазақстанды" құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді. Жұмыс сапарының алғашқы күні Атқарушы хатшы қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді. Ол осы жиында депутаттарға жұмысты күшейтуді және қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуына сапалы бақылау ұйымдастыруды тапсырды.

Ә. Лесбек