Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еуропалық санкциялар Қазақстанның қор нарығына әсер етпейді",- Қ.Келімбетов

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2022
  • 1822

Еуропалық санкциялар Қазақстанның қор нарығына әсер етпейді. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты. Бұл мәселе Үкіметте өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында да сөз болды. Одан бөлек қаржы орталығының жай күйі қозғалды. Сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, "АСТАНА" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5% аспайды. Орталық бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, көршілерімізге салынған шектеулер біздің ішкі экономикамызға әсер етпей қоймайды. Өйткені Ресей негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Дегенмен Қазақстан дұрыс жолды таңдап отырғанын айтады. Шетелдік серіктестермен қарқынды келіссөздер жүргізііп,  санкциялардың көтерілуін жеңілдету үшін негізгі инвесторлармен жұмыс жоспарлары түзетіліп жатқанын мәлімдеді.

Б. Сатуов