«Нұр
Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәскеуде өтіп
жатқан «Единая Россия» партиясының ХV съезіне қатысты. Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Онда
Елбасы екі елдің негізгі саяси күштері арасындағы жылы қарым-қатынас Қазақстан
мен Ресей достығының белгісі екеніне тоқталған. Тарихи достығымыз Еуразиялық
экономикалық одаққа ұласып, қарым-қатынастың жаңа белесін бағындырып
келеміз,-делінген. Съездің алғашқы күнінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті. Сондай-ақ «Единая Россия»
партиясы бюросының Жоғарғы кеңес төрағасы Борис Грызловпен екіжақты кездесу
өткізді. Онда тараптар Қазақстанның «100 нақты қадам - Ұлт жоспары», «Нұрлы жол»
даму бағдарламалары бойынша пікір алмасты.
Иосиф
Кобзон, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты:
Қазақстанның Ресейдегі түрлі тың бастамаларға қолдау
білдіретіні қуантады. Бұл өз кезегінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамалары Ресейде қолдау табуына кепіл болып отыр деп білемін.
Николай
Валуев, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты:
Көршілес
екі мемлекеттің президенттері, заң шығарушы органдары арасындағы жылы
қарым-қатынастан көп нәрсені байқауға болады. Бұл Еуразиялық экономикалық
одақтың, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының және ең бастысы екі елдің
экономикаларының дамуына сеп болмақ.
Съезд
алаңында ресейліктер Қазақстан басшысының «Әлем. 21-ші ғасыр» манифесті мен «Ұлы
Жібек жолын» жаңғырту бастамаларына да ерекше тоқталды. Олар Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары сарапшылар ортасында
жылы қабылданатынын айтты.
Рустам
Минниханов, Татарстан президенті:
Нұрсұлтан
Назарбаев - Татарстанда үлкен беделге ие саясаткер. Қазақстанда болып жатқан
өзгерістер біз үшін өте қызық және біз оны үнемі қадағалап отырамыз.
Сіздердегі реформалардың біразын біз де өз елімізде қолға алдық.
Сергей
Железняк, Ресей Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары:
Қазақстанмен
серіктестігіміз басым, стратегиялық сипатқа ие. Еуразиялық одақ құру идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екенін
барлығымыз білеміз. Бұл мемлекеттер арасындағы тиімді қарым-қатынастың,
түсіністіктің үлгісі.
Евгений
Стеблов, Ресей Халық әртісі:
Менің
ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев - өте жарқын, дана басшы. Ол посткеңестік
кеңістіктегі көптеген интеграциялық процестердің басында тұрған тұлға.
Құралай ПИОНЕР