Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы Украинаға тағы 40 тонна гуманитарлық көмек жинады

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2022
  • 1457

Елордалықтар Украина халқына  гуманитарлық көмек жібермек. 40 тонна жүк тиеген  көлік ертең жолға шығады.  Бұған дейін  7 әуе рейсі арқылы 15 тонна керек-жарақ жөнелтілген болатын. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Орал қалаларында жылу жинау әлі жалғасып жатыр.  Көмек қолын созам дегендер үшін  елшілік есігі  таңертеңгі 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін  ашық,-дейді ұйымдастырушылар.

Златослава БЛИЗНЮК, «УКРАИНАҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК» ВОЛОНТЕРЛАР ТОБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Осы аптада төсеніштерге, дәрі-дәрмек пен  жылы киім-кешекке сұраныс артып отыр. Волонтерлар  қазір үш түрлі бағытта көмектесіп жатыр. Бірінші кезекте азаматтар аса қажетті заттарды Украина елшілігіне әкелуде. Енді бірі қаржыларын ұйымдастырушылардың шотына немесе Украинаның ұлттық банкіне тікелей аударуда.  Үшінші кезекте  буып-түйіп, артуға тек Нұр-Сұлтанның өзінде  250 волонтер ат салысуда.
 

А. Съезбек