Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін айыппұл салынады

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2022
  • 1704

Еліміздегі ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін айыппұл салынады. Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жанна Телпекбаеваның  айтуынша, заң жобасы операторлар арасында бәсекелестікті арттырып, азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.   Жауаптылар ұялы байланыс операторларының  жауапкершілігін  күшейту үшін  айыппұл көлемін бірден он есе арттырып отыр.  

Жанна ТЕЛПЕКБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әкімшілік айыппұлды 1000 АЕК – ке дейін және бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін-1500 АЕК-ке дейін ұсынылып отырған ұлғайту азаматтардың сапалы байланыс пен интернет қызметтерін алу құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Жауапты министрліктің ақпаратынша,  Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ғана интернет нашар. Ол аймақтарға интернет жеткізу үшін  жер бедерінде қиындықтар бар дейді. Бірақ депутаттардың пікірі басқа.

Берік БЕКЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Былтырғы жылы 928 елді-мекеннің  интернет жүйесі жүргізілген есеп бойынша, ал өкінішке орай оның 60 пайызы интернет жүйесінің белгілі деңгейдегі емес екендігі, яғни сапасыз екендігі анықталып отыр.  

Б. Сатуов