Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәулігіне 100 мың аудитория жинайтын шетелдік интернет порталдар қадағаланады

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2022
  • 1241

Енді тәулігіне 100 мың адамдық аудиторияны жинайтын шетелдік интернет порталдарды қадағалайтын өкілдер тағайындалмақ. Олар  жасөспірімдерге зиян тигізетін ақпараттарды 24 сағат ішінде жоя алады. Жаңа заң жобасын мәжіліс депутаттары қарап, сенатқа жолдады. Құжат кәмелетке толмағандардың түрлі саладағы құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім алу мүмкіндігін беру мен интернеттегі буллингке шектеу қою сынды нормалар да қарастырылған. Ал ерекше қажеттілігі бар балалар үшін ауруханалар мен емханалар негізінде оңалту орталықтарын құру жоспарланған.

Жәмилә НҰРМАНБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу, буллинг көріністерін алдын алу мақсатында «жәбірлеу» ұғымы заңнамалық түрде бекітілді. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыреті көзделген.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше,  мектеп оқушыларының 12 пайызы буллинге тап болса, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөсіпірімдер интернет желісінде кибербуллинтен жәбір шегеді.  Мәселен соңғы бір жылда бала құқықтарын бұзу, яғни кибербуллинге қатысты 78 мың шағым түскен.

Б. Сатуов