Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 1003

Жоғарғы Сот судьясы Мейрам Жанғұттинов қызметінен босатылды. Ол  қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы бүгін сенат отырысында жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп айтты. Сенатор Владимир Волковтың айтуынша, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында Жоғарғы Сот судьясын қызметінен босату туралы қорытынды шығарған. Бұл мәселе бойынша депутаттарға ашық дауыс беру ұсынылды. Сенаторлар қаулыны бір ауыздан қабылдады.

Денис ШИПП, ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сіздің қарауыңызға Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметінен Мейрам Жанғұттинов Құрмашұлын босату туралы ұсынысы енгізілді. Жанғұттинов сот үкімі бойынша қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтық жасады деп танылды. Бұл үкім заңды күшіне енді.

Б. Сатуов