Еңбек нарығында 300 мыңға тарта жұмыссыз және NEET санатындағы жас бар. Осынша адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, азаматтық келісімшарт негізінде еңбек етуде. Сарапшылар алдағы 5 жылда жұмысшылардың дағдылары 40 пайызға өзгереді деп болжауда. Бүгін Үкімет отырысында халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама талқыланды. Жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу үшін «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобалары жүзеге асады. Мамандар қайта даярлықтан өтеді. Экономика министрі бағдарлама аясында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтерілетіндігін мәлімдеді.
Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
ЖІӨ-дегі еңбекақының үлесі – 34,5%; жалпы табыстағы еңбек қызметінен түскен табыстар үлесі – 76,2%; табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі – 5,2%; жұмыссыздық деңгейі 4,7% болады. Бүкіл кезең ішінде барлығы 2 млн астам адамға жұмыс орындарын құру.
Т. Әлжанов