Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР СІМ Г. Зюгановтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 879

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей коммунистік партия жетекшісі Геннадий Зюгановтың Қазақстанның солтүстік облыстары туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған оппозиция тұрғысынан баға беру керек. Министр Зюгановтың сөзін Ресейдің федералдық арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ деді. Ресей мен Қазақстан арасындағы аумақтық дау  туындауы мүмкін емес.   

Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Ресми наразылық болмайды. Біз Зюганов Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының көшбасшысы екеніне сүйенеміз. Ал оппозиция әрдайым қазіргі биліктің ресми ұстанымынан ерекшеленеді немесе оған қарама-қайшы пікір білдіреді. Ол видеоның 2 ай бұрын шыққанына назарларыңызды аударғым келеді. Зюгановтың сөзін Ресейдің федерал арналарының ешқайсысы көрсеткен жоқ.  Президентіміздің Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресейдің Қазақстанға аумақтық талаптары жоқ екені жоғары деңгейде расталды.

Ә. Дүкембаева