Атырауда шағын дәріханалар жабылудың алдында тұр. Оған фармецевтика нарығындағы "демпинг" әсер етуде,- дейді. Әділетсіздікке төзбеген кәсіпкерлер бүгін құзырлы мамандарды шақырып, тиісті шара қолдануды талап етті.
Шағын дәріханалардың қожайындары тым ашулы. Нарықтағы әділетсіз бәсекелестіктегі жолымызды кесіп, жабылуға әкелді,- деп шуластды. Айтуларынша, ірі компаниялар дәрі-дәрмекті көтерме бағамен бергеннің өзінде қымбатқа сатады. Ал, өз дәріханаларына қасақана төмен бағамен қойып отыр деді.
Талғат ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бепантен деген мазь бар. олар бізге соны аптекаларға көтерме компания 1710 теңгеден сатады. Ал өздері аптекаларында 1680 теңгеге сатады. 30 теңгеге ұтылып тұрмыз. Сонда біз аптекадан алып сатуымыз керек пе? Қазақстан бойынша 15 шақты бар. Бүкіл иелерін жинап алсақ, 5-6 адам осы бүкіл нарықты ұстап отырған.
Аймақтағы 300ден астам шағын дәріхана иелерінің шағымы осы. Бұлай жалғасса, шағын дәріханалар жабылып, нарықта саусақпен санарлық ірі компаниялар ғана қалады. Оның соңы дәрінің қымбаттауына әкелетініне сенімді.
Гүлшара ЕСҚАЛИЕВА, ДӘРІХАНА ИЕСІ:
Неге біз үн-түнсіз өзіміз айналысып отырған істі беріп қоюымыз керек. Біздің талап – әркім өз ісімен айналыссын. Көтерме сауда жасайтындар көтермемен, ал бөлшек саудамен айналысатындар, бөлшек саудамен. Бұл салада проблема көп: Сертификация процесі ашық болсын. Дәрілер қымбат болмауы үшін субсидия берілсін деген талаптар бар.
Талғат ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мәселе - демпингта. Демпинг дегеніміз - күн көрсетпеу, өзінің конкуренттеріне. Ол деген қымбат затты арзанға сату. Бізді жауып тастау. Біз нарықтан кетуіміз керек. Біз нарықтан кеткеннен кейін ол ертең ойына келген бағаны қояды. 50-60 пайыз накрутка жасап отырған компания әрине ол аптекаларды аша бастайды. Артында кім тұр дейсіз олар офшорға шығарып жатырған адамдар бар ғой. Солар тұр.
Жиналғандар құзырлы мемлекеттік орган өкілдерінен ведомоствоаралық комиссия құруды талап етіп отыр. Олар заңды белшеден басқан ірі компания өкілдерін анықтап, олардың жолын кесуді сұрайды.
Мұтхан МҰСАБАЕВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ЛЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Шектік баға бізде 2019 жылдан бар. Өндірушінің, көтерме және бөлшек сауданың шектік бағасы енгшізілген. Өндірушінің бағасы Кодекспен реттелген. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің бағасын реттеу ережелеріне арналған 247 бұйрық бар. Осының негізінде уәкілетті органдар функциялардың барлығын шекті бағамен анықтайды.
Шағын дәріхана иелері мұндай әділетсіздіктің орнағанына екі жылдан асқанын айтады. Енді олар уәкілетті органдардың тиісті шешім қабылдауын күтуге мәжбүр.
Б. Надірқызы