Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қатты жауын-шашын салдарынан қала көшелерін су басты

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2022
  • 1238

Шымкентте қатты жауын-шашын салдарынан қала көшелерін су басты.  Жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары суға толды. Синоптиктердің айтуынша, шаһарда бір айлық мөлшерден көп жаңбыр жауған. Мегаполистегі жағдайды әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді.

Нөсер жауын көпқабатты үйдің ішін көл қылды. Жаңбыр жауған сайын сайын осылай қиналамыз дейді тұрғындар.  
 
Севара МИНОЧКИНА, ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
 
Осы водосточный трубалар барда бізде, жаңбырдың суы көшеге шығуы керек. Бірақ көшеге шықпай, пәтерлердің ішіне кіріп жатыр. Өйткені құбырлар бір бірімен дұрыс жалғанбаған.
 
Жауын суынан пәтер  қабырғалары көгеріп кеткен. Ал тұрғындар аамалсыздан, бітелген құбырды өздері тазалап әлекке түсуде.    
 
«Адия» тұрғын үй кешенінде тұратын  160 отбасы  да  түнді көз ілмей өткізді. Кәріз құбырларына да жауын суы толып, мүңкіген иістен дем алу мүмкін емес,- дейді  жұрт.  
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Түндегі жауын суы қазір тартылып қалған. Бірақ мына жерге үйілген  қалдықтар мен көк батпақ бірәз қиындықтың болғанын айғақтап тұр. Тұрғындардың айтуынша, мамандар арнайы көлікпен таңғы төртке дейін су сорған. Алайда сасық иіс әлі де шығып жатыр.   
 
Жазира БАЙСАЛОВА:
 
Ирригация жүйесі басында дұрыс салынбаған. Лоток деген салынып ол бір арнаға ағып кету керек қой, басы бар аяғы жоқ короче. Канализация жүйелері де дұрыс жасалмаған басында ше негізі.  

 
Тұрңындар әр жауын жауған сайын "үйіміз бір күні құлап қалмай ма" деп қауіптенеді. Ал құрылыс басқармасындағылар бұл баспана жеке компаниялар есебінен салынғанын айтады. Тұрғын үй басқармасының теңгеріміне енді ғана өтіпті.
 
Әбілсейіт РАБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«АДИЯ» тұрғын үй кешенінің құрылысын «Самұрық-Қазына» констракшн мен жеке инвестор «Адия груп Тұран» ЖШС салған. Бұл жерде жауапкершілік  солардан  сұратылуы керек деп есептеймін.
 
Көктемнің алғашқы нөсерінде әбігерге түсіп, қиналған тұрғындар  алаңдаулы. Себебі, синоптиктер алдағы аптада да  жауын-шашын көп болады деп ескерту жасады.   

А. Төребекқызы