Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2022
  • 1783

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 22 қару Жамбыл облысынан табылды. Сонымен қатар 800 -ге жуық түрлі калибрлі патрон тәркіленді.  Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шаралары барысында  Жаңатас қаласындағы бір үйде жасырылған  қару-жарақ табылған. Оның  жаппай тәртіпсіздіктер кезінде облыстық Полиция департаменті  қоймасынан ұрланғаны анықталды.  

Асхат ӘЛМЕТОВ, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Осы қылмысқа тағы 2 тұлғаның қатыстылығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, сотпен бір күдіктіге қатысты «үй-қамақ» және екі күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.


Б. Жұмабайұлы