Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2022
  • 994

Алматыда қатерлі ісік ауруларын диагностикалауға арналған орталық ашылды.   Мекеме замануи құрылғылармен жабдықталған. Компьютерлік қондырғылар  дәрігерлерге жылына 7 000 науқасты қабылдауға мүмкіндік береді. Қатерлі ісік ауруларының ошағын  ерте анықтауға  болады.  Неоплазмалардың орналасуы мен шекараларын да айқындап береді.  

Ләззәт МАНЖУОВА, «ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Обырмен ауыратын адамдардың саны Қазақстанда да артып жатыр. Оның ішінде балалар да бар. Жылда 600-ге жуық балалардың ішінде осындай онкологиялық диагноз қойылады. Мысалы 2021 жылы 591 балаға онкологиялық ауру диагнозы анықталған.

Ә. Лесбек