Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдау елде тың саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бағдарлама - Е.Карин

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2022
  • 1192

Жолдау мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл мемлекеттік хатшы Ерлан Кариннің пікірі. Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған барлық бастамалар мемлекеттік институттар жүйесін түрлендіруге, азаматтық белсенділікті арттыруға, елде жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға бағытталған реформалардың салиқалы бағдарламасы. Саясаткердің айтуынша, Жолдау жан-жақты зерделеніп, сарапталған. Оған дәлел, Президент әкімшілігінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Реформалар топтамасы бірнеше рет қызу талқыға түсіп, уәкілетті органдардың ұсыныстары да назарға алынған. Қоғам белсенділері мен тәуелсіз сарапшылардың пікірі де шет қалмаған. Қысқасы, бастамалар әр қырынан қаралып, мұқият пысықталған, деді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Бұл Жолдау ел дамуындағы бірқатар іргелі өзгерістерді көрсетеді. Біріншіден, бұл саяси модернизацияның қайтымсыз сипаты. Екіншіден, бұл суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті кету арқылы күшті парламенті бар президенттік республикаға өту. Үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос палатасының қызметін қайта пішімдеу екенін ата өткен жөн. Төртіншіден, қазіргі сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту. Бесіншіден, мәслихаттардың рөлін, олардың дербестігін арттыру екені белгілі.

Л. Қуанышқызы