Алматыдағы
қоқыс толы арықтардың жайы Үкімет отырысында қайта қозғалды. Премьер-министрдің
мәліметінше, шаһардағы су өткізгіштер әлі толық тазартылмаған. Үкімет басшысы
Кәрім Мәсімов арық-атыздардың жағдайы мәз еместігін сынға алды. Осы мәселеге
қатысты сауалды экран арқылы Алматының әкімі Бауыржан Байбекке қойды. Сондай-ақ
алдағы уақытта Алматыға сапары жоспарланғанын жеткізді. Шахар әкіміне көшелерді
бірлесе отырып жаяу аралап шығуды да ұсынды.
Карим
Кажимканович, по этому вопросу я уже докладывал. Мы с министром прошли. Еще
раз могу повторить, что мы 188 километров арыков почистили. Проблема есть и
будет, мы сейчас ее решаем.
Мы
походим с вами, когда приеду, ногами с вами походим по арыкам. Вы
предварительно пройдите, перед тем как я приеду.
Бүгін
біздің тілшілеріміз Алматы көшелерін арнайы аралап, арық-атыздардың жағдайын
бақылап көрген еді. Назарларыңызға шахардағы су өткізгіштердің дәл қазіргі ахуалын
ұсынамыз.