Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанды ай сайын 300 млрд теңге табыстан қағуы мүмкін,- сарапшы

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2022
  • 1286

Каспий құбыр желісіндегі апат Қазақстанды ай сайын 300 млрд теңге табыстан қағуы мүмкін. Отандық қара алтынның саудасы уақытша тоқтағанына алаңдаушылық білдірген сарапшылар дабыл қағуда. Олардың сөзінше, пандемиядан кейін қалт-құлт етіп, әрең тұрған ел экономикасы үшін бұл зор шығын. Енді қайтпек керек? Мәселенің мән-жайын әріптесім Лаура Қуанышқызы айтады.

Каспий құбыр желісі консорциумындағы техникалық ақауды қалпына келтіру қиынға соғуда. Өйткені, қажетті танкерлер бізде жоқ. Құрылғыларды жеткізумен шетелдік компаниялар айналысады. Дейтұрғанмен, Ресейге салынған санкциялардың салдарынан жөндеуге қажетті құрылғылардың да саудасы тоқтап тұр. Тіпті, келісімшарт ұзақ мерзімге жасалып, ақысы төленген. Бірақ, жағдай мүшкіл. Консорциум басшылығының дерегінше, күнделікті өндірісте, өзге елдерге мұнай экспортау да тоқтады.

Николай ГОРБАНЬ, «КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ» БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазір мұнай тасымалын, оны өндіруді уақытша тоқтауға мәжбүрміз. Азғантай ғана қорымыз бар. Ол да жақын арада таусылуы мүмкін. Былтыр 585 танкер босатылған еді. Басты бағыттарды айтсам, Италия 213, Франция 39, АҚШ 26, Испания 41 танкер жібердік. Жағдай реттелмесе, оның саны азайып кетері анық.

Бұл жағдайға отандық сарапшылар да алаңдаулы. Өйткені, қазақстандық қара алтынның 80 пайызы осы құбыр желісі арқылы өзге елдерге тасымалданады. Қарастырылып жатқан балама жолдар КҚК -дай қарқын мен қуат, қаржы айналымы мүмкіндігін бермейді, дейді олар.

Асылбек ЖӘКИЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ЖӘНЕ «KAZENERGY» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН PETROCOUNCIL МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанның экспорты сол КТК құбыры арқылы Батыс Еуропаға, шетелге барып жатыр. Енді ол 60 миллион тонна тек қана мынау КТК ғана емес, тағы да басқа маршруттар бар. Бірақ, ол енді КТКмен салыстыруға болмайды. Енді екінші құбыр ол Атырау-Самара 16 миллион тонна қуаттылығы және де Қытайға бара жатқан Атасу-Алашакөл 20 млн тонна қуаттылығы. Енді қазіргі таңда КТК-ның маманда ры айтып жатыр. 1 айдың ішінде ремонттауға болады.

Ресейлік тарапта Новороссийсктегі теңіз терминалында екі айлақ қондырғысы жұмысын тоқтатқан. Бұған себеп, Қара теңіздегі қатты дауыл. Алайда, қолдан келгенді жасап жатырмыз, дейді.

АЛЕКСАНДР НОВАК, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ:

Бұл консорциумды шетелдік инвесторлар, мысалы, Chevron сынды шетелдік компаниялар басқарып отыр. Сондықтан техникалық қызмет көрсетуді де шетелдік компания қамтамасыз етеді. Біз өз тарапымыздан айлақты қалпына келтіруге және Новороссийсктегі мұнай жөнелтуді реттеуге қолдау көрсетіп жатырмыз.

Сарапшы Рашид Жақсылықов болса, қайткенде де мұнай экспорты мен өндірісін тоқтатпауға шақырады. Әйтпесе, шығынның зардабы ауыр болады деп ескертеді. Өйткені, ұзақ мерзімге жасалған келісімшарттардан айрылсақ, мұнай өндіруші ел санатынан шығып қалу қаупі бар деп отыр.

Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ, МҰНАЙ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шама келгенше өндірісімізді тоқтатпауымыз керек. Өйткені, өндірісті тоқтатып алатын болсақ, ертең оны іске қосу үшін бізге қыруар қаражат керек болады. Біз осы уақытқа дейін сатып отырған нарығымыздан айрылып қалатын болсақ, біздің мұнайды сатып алып отырған мемлекттерден айрылып қалатын болсақ олар күтпейді ғой бізді.
 

Мамандардың айтуынша,желідегі апатқа байланысты тасымалданатын мұнай көлемі 3 есеге азаймақ. Әрі қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін. Ал, энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру үшін келіссөздер жүргізіп жатқандарын ғана хабарлады.

Л. Қуанышқызы