Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері Жолдауға қолдау білдірді

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2022
  • 1461

Президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуінен өткен жастар "Мемлекет басшысының Жолдауы халықтың көңілінен шықты" дейді. Бастамашыл буынға әсіресе саяси реформаларға қатысты ұсыныстар ұнаған. Олар мұның еліміздің демократияландыру жолындағы басты қадам екенін айтады. Әке жолын жалғастырып, мұнай саласында еңбек етіп жүрген Ерлан Ғалиев - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Олар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арқылы іріктеледі. Маңызды құжатты әріптестерімен бірге талқылап жүрген жас маман Жолдаудың бүгінгі күн талабына сай екендігін айтады.

Ерлан ҒАЛИЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ:

Біздегі партиялық жүйе кеңейіп, жаңа партия құру жолдары жеңілдетілді. Бұл еліміздің саяси өмірінің тамырына қан жүгіртіп, ерекше реңк береді деген ойдамын. Жұмысқа кедергі болатын бюрократияны бұғаулап, цифрландыру жұмыстарына жан бітеді деген сенімдемін, өзім де осындай оңды бастамаларды қолдаймын.


Жолдау жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қоғам мен мемлекет бірігуі керек. Әлбетте бұл істен жастар да тыс қалмауы керек. Өйткені мұнда туындаған мәселелерді шешу жолдары айқын көрсетіліп, нақты тапсырмалар берілген. Ал мұны жүзеге асыруға ат салыс – әр азаматтың парызы дейді жас маман.

Е. Карин