Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада өрт сөндіру бөлімдері көбейеді

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2022
  • 2417

Елордада алдағы 8 жылда өрт сөндіру бөлімдерін 30-ға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты. Биыл 4 өрт сөндіру бөлімін салу жоспарланған. Қазір 2-уінің құрылыс жұмыстары басталды дейді.

Еркін ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бүгінгі таңда 12 өрт сөндіру бөлімі 174 өрт техникасы бар. Оның ішінде негізгі өрт сөндіру техникасы, қосалқы және мамандандырылған арнайы өрт сөндіру техникалары бар. Жалпы тағы да осы қалалық әкімдіктің қолдауымен биылғы жылы біз жаңағыдай 48 бірлік жаңа өрт сөндіру техникасын бізге береді биыл.


Бас қаланың төтенше жағдай мамандары соңғы 5 жылдың ішінде 6 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге шығарып, 3 мыңға жуық адамды құтқарған. Басқарма басшысы соңғы кездері төтеншеліктерге деген құрмет күшейгенін айтады. Сондықтан, олар Президент бастамасымен қолға алынған "Жаңа Қазақстаннан"  жаңашылдық күтеді.

Б. Сатуов