Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 5 жастағы "полицей" баланың қылығы елді сүйсінтті

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2022
  • 1124

Қарағандыда небәрі 5 жастағы "полицей" бала елді тәнті етті. Әлеуметтік желіде кәдімгі полицейлерше киініп, қолына таяқ ұстап   жүргізушілерге жол жабық екенін ескертіп жүрген балақайдың видеосы тарады.

Кішкентай полицейді Шет ауданының Ақсу – Аюлы кентінде  жүргізушілердің бірі  түсіріп алған. Бақдәулет осылайша бір күнде ғаламтор жұлдызына айналды. Сөйтсе, полицей болу баланың арманы екен. Ата – анасы 3 жасынан осы қызметке қызыққан ұлдарын қуанту үшін арнайы киім тіктіріп, құралдарын да сатып берген. Бақдәулет киініп алып, жолға шыққан.  Мұны көрген қарағандылық тәртіп сақшылары «Болар баланың белін бу» деп Бақдәулетке арнайы көлікпен экскурсия жасатып, сыйлық табыс етті.

А. Қуаш