Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар бір айда 82 келі алтын құйма сатып алған

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2022
  • 929

Елімізде теңге нығайып, доллар бағамы төмендеп келеді. Баға қашанға дейін құбылады?  Бұған қатысты сарапшылардың болжамы қандай?  Толығырақ "экономика жаңалықтары" айдарында

Бүгін қор биржасында өткен таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша  шетел валютасының бағамы 489 теңге болды. Алайда белгілі экономист Мақсат Халықтың пайымынша, доллардың төмендеуі сәуір айының ортасына дейін ғана жалғасуы мүмкін. Сыртқы геосаяси жағдайлар тұрақталмағандықтан, шетел валютасы онан кейін қайта өсуі ықтимал дейді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қазірдің өзінде көреміз енді, тағы біраз күшейуі мүмкін алдағы уақытта. Дейтұрғанмен, теңгеміз бұдан қатты күшеймейді енді. Былай айтқан кезде және де 500-дің маңайына оралуы да ол әбден мүмкін.

Еnergyprom.kz ақпаратынша Қазақстанда кейбір қызмет түрлері қымбаттаған.

Театрлардың қызметі 26%-ке артқан.   Сондай-ақ, бассейнге кіру құны- 9,6%-ке, балалар аттракциондары 7,4%-ке, кинотеатр билеттері- 5%-ке  өскен. Әсіресе Алматы облысында баға шарықтап тұр. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы және Шымкент қаласы.  

Елімізде қаржы нарығының тұрақсыздығына байланысты алтын сатып алушылар көбейген.  Тиісінше, бағалы металдың   құны қымбаттап барады.Баға жыл басынан бері 7,5 пайызға көтерілген. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, активтерін сақтағысы келген инвесторлар алтын саудасының көркін қыздырған. Бағалы металды әсіресе Еуропа мен АҚШ-та көптеп сатып алып жатыр. Қазақстандықтар да өткен ақпан айында  салмағы 82 келі болатын 2500 астам алтын құйма сатып  алған. Қымбат металл екінші деңгейлі банктерде сатылған.

Жақында биткоин бағасы 40-42 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар криптовалюта нарығына шолу жасап, осындай болжам айтты. Өткен аптада  биткоин 6%-ке қымбаттады. Бірақ Федералды резервтік жүйенің ставкасы, доллар саудасы мен түрлі елдердің нарықты қатаң реттеуі салдарынан биткоин бағамы біраз құбылған. Сарапшылардың пайымдауынша, көптеген қаржы реттеушілердің өздерінің цифрлық валютасын шығаруды жоспарлауы да криптавалютаға ықпал етіп отыр.  Сондықтан жақында ол қымбаттауы әбден мүмкін.

Б. Сатуов