Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бала тәрбиесіне мұғалім ғана емес, күзетші де, аспаз бен тазалықшы да жауапты",- сарапшы

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2022
  • 1168

Бала тәрбиесіне мұғалім ғана емес,  күзетші де, аспаз бен тазалықшы да жауапты. Әрбір шәкірттің өзіндік болмысын, көзқарасын, ойы мен санасын жетілдіруде,сондай-ақ бойында  адами құндылықтарды  қалыптастыруда олардың әрқайсысының өз үлесі бар. Елордада  «Q Talks» жобасына қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Еркін форматтағы жиында   «Ашулы ата-ананы сабырға қалай шақыру керек?» «Мінезі ауыр оқушымен жұмыс», «Сабағымды реппен өткіздім», «Күніне 23 кітап оқудың құпиясы», «Математиканы санмен емес, сөзбен түсіндіру» тақырыптары талқыланды. Қоғамдық лекция енді аймақтарда да өткізілмек.

Мұхамедәли ИБРАГИМОВ, "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Оқу үрдісінде жаңарту мақсатында бұл «Q Talks» жобасы басталды. Қабырғаға кіргеннен бастап, әрбір осы жердегі тұлға құндылықтарға негізделген білім беру аясында бірінші кезеңде өзі үлгі бола білу керек. Мұғалімдер сабақта, сабақтан тыс іс-шараларда қалай бұл құндылықтарды береді? Соларды бөліседі.

А. Съезбек