Русский Сайттың толық нұсқасы

Несие алушылар екі есе өскен

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2022
  • 1186

Бір ғана ақпан айында, екінші деңгейлі банктерден 600 млрд теңгеден астам кредит рәсімдеген. Ұлттық банктің мәліметінше бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл нені меңзейді? Қаржы тұрақсыздығы кезінде, кредит алу қаншалықты тиімді? Сарапшылардан сұрап көрдік. Тақырыпты зерттеген тілшіміз Бекболат Сатуов айтып береді.  

Иә, атың өшкір кредит деп қанша айтсақта, елімізде банктерді жағалап жүргендер көбеймесе азаяр емес. Ұлттық банктің дерегінше, биыл кредит рәсімдеушілердің қатары 66 пайызға артқан. Тұтынушылық несие алғандардың көшін алматылықтар бастап тұр. Мұнан соң Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары жалғастырады. Үштіктегі елордалықтардан, кредитті қандай мақсатта алып жатқандарын  сұрадық.

БЛИЦ:

- Қандай мақсатта алдыңыз?
 
- Енді керек жағдай болды өзі. Балаларға оқуға неге ақша.

- Ой многаа.

- Ну были домашный проблема. По семейный да. Да.

- Енді әртүрлі шарулар ғой адамның өзі проблемасы болады ғой енді.


Теңге құлдырап, тиынға айналады. Көпшілік арасында қазір осындай ақпарат тараған. Мамандардың айтуынша бұл өз кезегінде кредит алушылардың қатарын көбейтіп отыр дейді. Экономисттер мұндай қауесетке ермеу қажет деді. Тіпті қазіргі жағдайда кредит алудан мүлде бас тартуға шақырады. Өйткені қаржы тұрақсыздығы кезінде қарыз алу тиімсіз деп есептейді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Орталық банк 13 жарым пайызға дейін базалық пайызды көтеріп тастады. Ал несиелердің пайыздары тіпті өсіп кетті. Қазір тіпті техниканың өзін бөліп төлеуге алуды тоқтатты. Оның өзі арнайы кредитке рәсімдеу ғана бар. Кепілсіз берілетін несиелер 3-5 млн-ға дейін. Оның барлығының пайыздары қазір 55-54 пайызға дейін беріп жатқан банктер бар. Ал ол өте-өте жоғары пайыздар. Ондай пайыздармен несие алуға мүлдем болмайды.


Несие алуды құп көргендерге, пайыздың өскені де кедергі болмай тұр. Дегенмен алмақтың да салмағы бар. Соңғы кездері кредит алып, қарызға баттық дейтіндердің қарасы көп. Өйткені тұрғындардың дені қызығушылықпен, заттай қарыздарға қалай батқанын білмей қалады дейді, - әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы

Рамазан САТТАРҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:


Тауарға, мүлікке байланысты ұстанымы, көзқарасы, талпынысы, ниеті, егерде жаңағы мен ешнәрсеге қарамай қалтама қарамай, көрпеме қарамай жаңағы көлік аламын, қымбат үй аламын десес ол әрине өзін-өзін осылай кредиттік құлыдыққа түсіреді.


Қолдағы ақпараттарға сүйенсек, былтырғы жылы тұтынушылық қарыздардың сомасы 5 триллион теңгеден, ал ипотека – 3 триллион теңгеден асқан. Өсім негізінен бөлшек қарыздарға, яғни бөліп төлейтін несиеге өскен. Мұның көрсеткіші 43 пайызға артыпты.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Жалпы ел аумағында тек 3 миллионға жуық қазақстандықтың ғана банкке қарызы жоқ. 6 млн-нан астам адамның берешегі бар. Ал бұл көрсеткіш соңғы кездері көбеймесе азаяр емес. Сала мамандары қазіргідей алмағайып, тұрақсыздық кезінде қарыз алуға емес, барынша ақша жинауға шақырады.


Б. Сатуов