Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы әкімдігі ғимаратын күзеткен подполковник Хайыровты азаптап өлтірген

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2022
  • 1361

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы әкімдігі ғимаратын күзеткен подполковник Хайыровты азаптап өлтірген. Қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін денесін өртеп жіберген.  Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 39 жастағы сарбаздың артында әйелі мен  кәмелет жасқа  толмаған 2 баласы қалды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар 152 адам сотталған.  Қызмет бабындағы әрекетсіздігі үшін күш құрылымдарының басшыларына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы орынбасары мен Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде.  


3 мыңға жуық қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Төтенше жағдай кезінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 176 күдікті күзетпен ұсталған.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тергеудің нәтижелері бойынша сотқа 323 адамға қатысты 209 қылмыстық іс жолданды. 152 адам сотталды, оның ішінде 133 адамның бас бостандығы шектелінді, 17 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, қоғамдық жұмысқа және айыппұл салуға бір адамнан тартылды.


Т. Әлжанов