Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында 18 вагон рельстен шығып кетті

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2022
  • 1415

Шығыс Қазақстан облысында 18 вагон рельстен шығып кетті. Кен тиелген вагондардың екеуі Ресейге тиесілі, ал 16-сы   қазақстандық компанияныкі, дейді жауаптылар. Бейнежазбада көрсетілгендей төтенше жағдай Өскемен- Күмістау теміржол учаскесінде болған. Қазақстан Темір Жол компаниясының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Арнайы комиссия құрылған.

Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК БАҚ-ПЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Қазір вагондарды көтеріп қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін Өскемен мен Аягөзден арнайы поездар жөнелтілді. Одан бөлек 100-ге жуық теміржолшы жұмылдырылды. Апат басқа жүк және жолаушылар поездарының кестесіне әсер еткен жоқ.  


Ә. Дүкембаева