Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда Қабырға ауылына қатынас үзілді

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2022
  • 1362

Қостанайдың Арқалық қаласында еріген қар суы үйлерге кіріп, жұртты әбігерге салуда.  Тұрғындар баспаналарында суды кешіп жүр. Төтенше жағдай қызметі су сорғызу шаралары жүргізіліп жатқанын айтады.  5 мобильді топ күндіз-түні жұмыс істеуде. Сондай-ақ, қарғын су Қабырға ауылына баратын жолды шайып кетіп, қатынас үзілді. Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтағы елдімекенде 300-ге жуық тұрғын бар.  Ауыл әкімінің айтуынша, тіпті ауыр техниканың өзі өте алмайды.  

Ә. Бердібеков