АҚШ басылымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласы жарияланды. Президент онда еліміздің алдында тұрған сын-қатерлерге назар аударып, биылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған ауқымды реформалардың мән-маңызын айқындады. Сондай-ақ Тоқаев Ресеймен де, Украинамен де достық қарым-қатынас ұстанатынын және екі ел арасында болып жатқан қақтығыс Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес тез әрі әділ тұрғыда реттеледі деп сенім білдіреді.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Еуразия әрқашанда серпінді аймақ болды. Оны бейбіт әрі ашық етіп сақтау үшін келісілген күш салу қажет. Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың ерекше байланысын қолдайды. Сонымен бірге бізде Украинамен достық қарым-қатынастың терең дәстүрі бар. Біз әлемнің көптеген елдері сияқты оның аумақтық тұтастығын құрметтейміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында сондай-ақ, олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалатыны туралы жазылған. Мақалаға қатысты саясаттанушы Марат Бәшімов оң баға беріп, Президент өзекті мәселелерді ашық айтты дейді.
Марат БӘШІМОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Шындықты айта кету керек, Президент өзінің мақаласын белгілі американдық журналға бергені бұл әскери маңызды. Өйткені олар да біліп отыр. Сарапты сарапшылар да бар. Мына Алматыда болған оқиғаны болашақта болмау үшін қоғамда қолдап отыр қазір Президентті. Мемлекетпен қарым-қатынасы, мемлекетпен ашықтығы, әділеттің құрғандығы ең маңызды.
Ә. Дүкембаева