Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында зейнеткерді тірідей өртеп жіберді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2022
  • 2225

Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай болды. Сайрам ауданының қарт тұрғынын тірідей  өртеп жіберген.   Ауруханаға денесі күйіп түскен  әйелді құтқарып қалу мүмкін болмады дейді дәрігерлер. Полицияның дерегінше, қайғылы жағдайға екі   адамның арасындағы жанжал себеп болған. Олардың арасындағы келіспеушілікке терезеден қарап тұрған кейуанаға   біреуі жанармай шашқан көрінеді.  Күдіктімен бірге марқұмның ұлы да  тергеуге алынып, жауап беруде.

Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында екі ер азамат та анықталып, ұсталды. Олар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Біріншісіне қатысты ҚР ҚК 293 бабы «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған және соттың шешімімен кепілге босатылған. Ал екінші ер азаматқа қатысты ҚР ҚК 99 бабы яғни «адам өлтіру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.  

А. Төребекқызы