Русский Сайттың толық нұсқасы

Дағдарысқа қарсы қандай жұмыстар жасалып жатыр?

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2022
  • 1235

Дағдарысқа қарсы қандай жұмыстар жасалып жатыр? Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бүгін жедел штаб отырысын өткізді. Жиында Қытаймен шекарадағы жүктердің өту мәселесі талқыланды. Қазір қос елдің арасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ «Қорғас» кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді. Отырыс барысында, автомобиль көлігі бойынша биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік құралдарының саны 123%-ға  өскені айтылды. Сонымен қатар, кедендік құн индексі және кедендік төлемдер индексі бойынша оң динамика байқалыпты. Көрсеткіші 75%-ға өскен. «Нұр жолы» шекарадағы өткізу пунктінде болса тасымал құны 4500 доллардан 2050 долларға дейін төмендеді. Сондай-ақ мұнда қаражатты көлеңкелі айналымнан шығару мақсатында қолма-қол ақшамен  есеп айырысу алынып тасталды. Премьер-министр статистикалық сәйкессіздіктерді болдырмау үшін тиісті ведомстволарға импорт пен экспортқа қатысты деректерді реттеуді, сондай-ақ өткізу пункттерінде өзара іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

А. Данияр