Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының мүшелері алматылық әйелдің өртенген баспанасын қалпына келтіруге көмектеседі

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2022
  • 1533

Былтыр қарашада Цуй – Сю Янның үйі электр сымының ақауынан  өртенген. Екі қабатты үйдің күл-талқаны шығыпты. Әйтеуір, абырой болғанда, төтенше жағдай кезінде үйде ешкім болмаған. Баспананы қалпына келтіру үшін кемі 15 миллион теңге керек, бірақ мұндай қаржы бізде жоқ,  - дейді үй иесі. Қапыда үйсіз қалған отбасына алматылық депутаттар көмек қолын созды. Қаржылай ғана емес, құрылыс материалдарын есігіне дейін әкеліп берді.

Максим ФИНОГЕНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз арнайы келіп көрдік. Мамандар нақты не қажет, қанша қаржы кететінін нақты бағалап берді. Әртүрлі материалдар бойынша жан-жақты пікір алмасып,  бірге шештік. Бізде туындаған мәселелерді осылай шешу тәжірибесі бұрыннан бар.

Цуй – Сю ЯН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Айтқан сөздерінде тұрып, көмектесіп жатқандарына дән ризамын. Біз сияқты сәтсіздікке ұшыраған азаматтарға көмектесуге дайын адамдар біздің елде бар. Сенім артып дауыс берген депутаттарымыздың әрекетіне алғыс айтамын! Нағыз ел жанашырлары.

А. Съезбек