Алматы әуежайы толығымен жаңарады. Бүгін халықаралық нысанның жаңа жобасы таныстырылды. Әуежай заманауи дизайнда жабдықталады. Онда 40 тіркеу бағаны мен 3 жүк тасымалдайтын лента қойылады. VIP-терминалдар мен жаңа бағыттағы күту залдары болады. Әуежай президентінің айтуынша, құрылыс жұмыстарына шамамен 200 млн доллар жұмсалады. Сондай-ақ жөндеу кезінде ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысы тоқтатылмайды деді.
Эрсой АЛЬП ЭР ТУНГА, «АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазір әуежай тәулігіне 16 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. 5 мыңы -халықаралық, 11 мыңы- ішкі рейс. Құрылыс жұмыстары аяқталса, бұл көрсеткіш арта түспек. Жалпы жөндеу жұмыстарын 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
Ә. Лесбек