Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі саябақта жасанды құзға өрмелеп, құлап түскен жігіттің жағдайы ауыр

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2022
  • 1232

Шымкенттегі  саябақтардың бірінде  құзға өрмелеу қабырғасының ұстағышы жұлынып кетіп, 20 жастағы  жігіт биіктен құлады.  Бас сүйек маңдайшасы жарақаттанған науқасқа шұғыл операция   жасалған. Жағдайы ауыр,- дейді дәрігерлер. Оқиға куәгерлері таратқан бұл бейнежазбада  жігіт жерде, цемент  үстінде сұлқ түсіп жатыр.   Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал саябақ басшылығы   жігіттің құзға билетсіз өрмелеп шыққанын айтады. Бұл уақытта аттракционға жауапты оператор белгілі себеппен орнында болмаған.  Бірақ ол кассаға билет сатпауды ескертпей кетпейді дейді. Айтуынша, жігіт  қауіпсіздік белдігін тақпаған.     

Бекболат ТӨЛЕЕВ, САЯБАҚ ДИРЕКТОРЫ:
 
Асығыспен кірген ішке қарай, кіріп, шығып кеткен төбеге қарай. Енді келіп жүрген адам ғой ол постоянно. Билет алмаған. Сонымен төбеге мінген. Сол бір түсіп жатқан кезде 4-5 метр қалған кезде болған ғой, ол шайқатылған әрлі-берлі. Шайқатылғаны соншалықты губкаға түспеген ғой, сыртына шығып  кеткен ғой, ограждениенің сыртында жатыр.

А. Төребекқызы