Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтен шеттетілді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2022
  • 1365

Басы дауға қалған Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жұмысынан шеттетілді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Оған әлеуметтік желіде тараған шулы видео себеп болды. Қазір мекемеде  қызметтік тексеру басталған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты дау желіде жылдам тарады. Шенеунік   қарамағындағылармен дауыс көтеріп сөйлеседі. Тіпті заңға қайшы әрекетке жол бергені ме?

Қызу талқыға түскен бейнежазбада сыйақы мәселесі қозғалған. Видеоны танымал балалар дәрігері жариялапты.  

Қайырғали КӨНЕЕВ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ:

Бір кісі жіберген аккаунтқа. Өзі де қорқады. Атын айтпасын деп тұр өзі де. Былай қарағанда қарапайым адамның жеп отқан нанын алып отыр. Ешқандай мәдениеті де жоқ. Ол қызметкер ма немесе құл ма қалай ол.


Қайырғали Көнеев мұндай келеңсіздіктер әріптестері тарапынан өзіне жиі түсетінін айтты. Дәлелі болмағандықтан, құзырлыларға ұсына алмаймыз дейді.
 
Қайырғали КӨНЕЕВ, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ:

Жұқтырып алса ковидті дәрігерлерге даже 2 млн теңгеден асыры төледі. Оның бәрін бірақ көбісі ала алмады. Алған адамдарды тоже осылай алып алады.

Басы дауға қалған орынбасардың әрекетіне қатысты тексеру басталған. Қазір ол қызметінен шеттетілген.

АЛМАТЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қазіргі уақытта қызметтік тексеру басталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали оқиғаның мән-жайы толық анықталғанша жұмыстан уақытша шеттетілді.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әзірге қандай да бір ақпарат беруге құлықсыз. Мәселенің ақ-қарасын анықтап қорытындысына сәйкес тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

Ә. Лесбек