Русский Сайттың толық нұсқасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2022
  • 1128

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жаңадан тағайындалды. Бұл лауазымға Тамара Дүйсенова келді. Ол бұған дейін ел Президентінің көмекшісі –  Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған болатын. Бүгін ұжымға жаңа министрді үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды. Сондай-ақ, министрліктің алдында Президенттің Жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Айта кетейік, бұл сала оған тансық емес. Өйткені Тамара Дүйсенова 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарған болатын.  

Б. Сатуов